Бүгін сағат 11:30 шамасында Әл Фараби ауданының аумағындағы Қ.Рысқұлов көшесіндегі темір дүңгіршек отқа оранған. Сауда нүктесінде гриль және попкорн сататын құрылғының тұтануы себеп болған.
Өрт аумағы 6 шаршы метрді құраған. Попкорн мен шәй сататын дүңгіршек А.Беркенов жеке кәсіпкерлігіне тиесілі.
Өртті ауыздықтауға төтенше жадайлар департаментінің жеке құрамының 27 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Сауда нүктесінен 1 газ баллоны және оттегі баллоны шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себеп салдары тексерілу үстінде.