Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

426

Шымкент қаласының экс-әкімі Нұрлан Сауранбаев жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың Twitter-дегі парақшасында.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Нұрлан Сауранбаев Шымкент шаһарын 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың маусымына дейін басқарған.