Шымкенттік жастар мен нәзікжандыларды 15 сәуірде не күтіп тұр?

377

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин  facebook парақшасында қызықты жаңалықтарымен бөлісті.

1. Кәсіпкерлікті бастауға жылдығы 1 пайыздық несие.

2. Қажетті коммуникациялармен жабдықталған дайын өндірістік кешендер кіші өндіріс орындарын ашу үшін ерекше тәсілмен жалға беріледі. Бірінші жылы жалға алу ақысы тегін, екінші жылы — 50 пайыз, ал үшінші жылы — 25 пайызбен беріледі, нарықтық бағаммен.

3. Электронды коммерциямен айналысқысы келетіндер үшін біз интернет дүкендердің Қазақстан мен Өзбекстан аумағында пошталық жеткізіп беру шығындарын жауып беретін боламыз. Алдағы уақытта Орта Азия елдерінің аумағындағы өзге елдер де қамтылуы мүмкін.

4. Көше саудасын жүргізу үшін арнайы орындар қарастырылады. Қалада тіскебасар сататын, кіші дүкендер, шеберханалар ашу үшін техникалық жағдайы жасалған жер учаскелері анықталатын болады. Жер учаскелері электронды аукциондар арқылы жалға берілмек.

5. Қалада «ақылды» фермалар ашу үшін жер учаскелері. 1 гектар көлемінде тамшылатып суғару құрылғыларымен жабдықталған жер учаскелері бөлінетін болады. Кәсібін жаңадан бастаған фермерлерге тұқым, тыңайтқыш беріліп, техникалық қызмет түрлері ұсынылып және өндірілген өнімді сату жөнінде келісімшарт түзілуі мүмкін.

6. Біз жас кәсіпкерлерге және әйелдерге көмектесеміз, біріншіден, бизнесті ұйымдастыруға арналған франшизаны иеленуге (шығынның біраз бөлігін өтейміз) ал екіншіден өздерінің табысты бизнестерін франшизаға «буып түюге» көмек қолын созамыз.

7. Шымкентте бизнеске арналған супермаркет ашылатын болады. Кәсіпкерлер, оның ішінде кәсібін жаңадан бастағандар супермаркет принципі бойынша бизнесті жүргізуге қажетті дүниелерге қол жеткізеді. Қаржылық, кеңес беру, дайын бизнес жобаларға дейін қол жеткізе алатын болады.

P.S. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Және жастардың жоғары жетістікке жетуі үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды. Кеше аппараттық жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Мен кәсіпкер боламын» атты 2019-2021 жылдарға арналған жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарын (бағдарламаны) бекітті.

Жоғарыда келтірілген жастар және әйелдер бизнесін дамытуға арналған жаңа шаралар 15 сәуірде белгілі болады. Нақты талаптары, шарттары, ережелері 1 сәуірге дейін жарияланады. Жаңалықтарды қалт жібермеңіз! Шымкент қаласы әкімдігінің жаңалықтарын бақылап отырыңыз.