Шымкенттіктер жолақыны смартфон арқылы төлейтін болады

306

Қанатқақты жоба цифрлы Қазақстан бағдарламасы бойынша іске аспақ. Үшінші мегаполиске келіп жатқан жаңашылдық әзірге 3 қоғамдық бағытта сыналуда. Олар №141, 147 және 148 нөмірлі қоғамдық көліктер.

Шымкенттіктер кез-келлген жаңалықты жатырқамай қабылдауға да үйренді. Қоғамдық көліктерге енгізіліп жатқан смс-төлем жүйесін сынауға да белсенділік танытып отыр. Бұған дейін кондукторға қолма — қол жол ақысын беріп келген шаһар тұрғындары енді смартфон арқылы есептеседі.

Пилоттық жоба әзірге, 3 қоғамдық бағытта сыналады. Атап айтсақ, №141, 147 және 148 автобустар таңдалып алынған. Жыл басында қаланың шет шағынаудандарына қатынайтын жолаушылар ғана электронды түрде төлем жасайды. Ал, жыл соңына дейін бұл жүйе қаламыздағы барлық қоғамдық көлікке енгізілмек.

Айта кетейік, шымкенттік жолаушылар Билайн және кейселл операторлары арқылы төлем жасайды. Яғни, тұрғындар ұялы телефондарына қосымша өткізіп немес смс — кодпен хабарлама арқылы жол ақысын береді. Қаржы бірліктен немесе есептегі ақшадан алынады. Ескере кетейін жайт, жолаушыға қосымша үстемелер болмайды.

Назерке Үкібасова