Полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғыны субсидия алып беремін деп сенімге кіріп, ақшаларын алаяқтық жолмен иеленген белгісіз тұлға туралы арызданған.
Жәбірленушінің хабарлауынша, алаяқ мемлекеттік бағдарлама бойынша ақша алуға көмек берем деген жалған уәдемен оның 35 мыңнан 45 мыңға дейін ақшасын жымқырған. Орын алған жайтты полицейлер ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ тіркеуге алып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Қазір күдіктіге алаяқтыққа қатысты 4 дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Тағы бір жағдаймен күдікті танысының сеніміне кіріп, алдау жолымен оның 400 мың теңгелік алтын бұйымын қолды қылған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі бір миллионнан аса теңгені құрайды.
Қазіргі таңда аталған жайтқа сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарының өте сақ және ұқыпты болуын, алаяқтың құрбанына ұшырамауын еске салады. Кредит алу, баспана және басқа да күмәнды қызмет көрсетуге шақырған бейтаныс адамдарға сенім білдірмеулері, өзінің жинағын және мүлкін таныс емес адамға сеніп тапсырмауы қажет.
Егер сіз осы тектес қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» сымтетігіне хабарласыңыз.
Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі