Түркістан облысында қуаты 20 Мвт күн электр стансасы іске қосылады

452

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуда. Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Тартылған инвестиция көлемі — $35 млн.

Күн электр станциясының құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модульдер, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ, 10 таратушы құрылғы орнатылады. «Жасыл» энергия көздерінен өндірілген электр энергиясы «KEGOC»-қа жеткіліледі.

Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс орны пайда болады. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Ағымдағы жылдың ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. Электр станциясының іске қосылуы 2019 жылдың наурыз айында жоспарланған. Жобаны «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы — «TURKISTAN INVEST» сүйемелдеуде.

«TURKISTAN INVEST» «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы