Түркістан облысында өндірілген 9,6 мың тонна ет БАӘ, Өзбекстан және Иранға экспортталған

224
Atameken Business

Түркістан облысында төрт түліктің саны күн санап өсіп, ірі қара мал 994,2 мың басты құраған. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма басшысының сөзінше, өңірде қой-ешкі саны 4,1 млн  басты құрап, республикадағы үлесі бірінші орынға тұрақтаған. Сондай-ақ, жылқы 320,5 мың, түйе 28 мың, құс 2,04 млн басты құраған.

Нәтижесінде, аймақта ет өндіру 5%-ға артып, 222 мың тоннаға жеткен.  699 мың тонна сүт және 188,1 млн дана жұмыртқа өндірілген. Шаруа қожалықтары 9,6 мың тонна етті  Өзбекстан, Иран, БАӘ елдеріне экспорттап, бұл республикадағы  экспорттың 54%-ын құрап отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында облыста 38 ет өңдеу кәсіпорынында 19,6 мың тонна ет, 35 сүт өңдеу кәсіпорынында 59,1 мың тонна сүт, 34 жеміс-көкөніс өңдейтін кәсіпорында 24,6 мың тонна жеміс қайта өңделген. Бұл көрсеткіш  39,7 млрд теңгені  құрап, 2,2 млрд теңгеге артқан.