Түркістан облысында алғаш рет онкологиялық емхана ашылды. Енді өңір тұрғындары жаңадан ашылған емханада қатерлі ісіктің алдын алу және ерте сатысында анықтау үшін скрининг тескеруден өте алады. Ол  үшін медициналық орталықтағы маммолог, онкохирург, онколог сынды 18-ге жуық дәрігер обыр ауруына шалдыққан науқастарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

Онкологиялық емханада қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасалған. Медициналық орталықта химио -терапия, гормон – терапия және таргеттік терапия жүргізу үшін амбулаториялық химиотерапия кабинеті жұмыс істейді. Сондай-ақ мұнда электрондық кезек күту залы мен жеке тіркеу орны бар.

Жаңа емханада онкологинеколог, маммалог, онкохирург, химиятерапевт сынды мамандар қабылдау жұмыстарын жүргізеді. Орталықтағы мамандар қатерлі ісік алғашқы анықталған сәтінен бастап, оның үдерісі мен аурудың қайталауын тексеру үшін мультидисциплинарлық топ бірігіп консулим жасайды.

Емхана ашылған алғашқы күннің өзінде-ақ мұндағы ақ халаттылар бірнеше науқасты қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Медициналық орталықта тексеруде болған пациенттер жаңа орталықтың жұмысы халықтың кезек күту проблемасы мен дәріні дер кезінде алуға септігін тигізетіндігін айтуда.

Емханада тексеруден өткен науқастар қажет болған жағдайда облыстық клиникалық ауруханаға қарасты онкологиялық бөлімшеде жатып ем қабылдай алады. Жаңа бөлімше 40 орынға арналған. Онда радикалды операциялық емдеуден бастап паллиативтік араласуларға дейін ауру деңгейінің түрлі сатысында барлық оперативтік емдеу әдістері жүргізілетін болады.

Айта кетейік, жаңадан ашылған онкологиялық емханада өңір тұрғындары тескеріле де алады. Орталықтағы дәрігерлер қатерлі ісік ауруларын емдеу және анықтау үшін барлық жағдай жасалған.