Түркістан облысының үздік педагогтары қазір – Түркияның төрінде! Білім саласындағы озық жүйені меңгеріп, тәжірибесін арттырып жатыр. Алғашқы күні мұғалімдер Стамбұлдағы Абай атындағы мектепке бұрылып, білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысты. Түрік тілінде жүргізілген сабақтарға жекелей қатысуға да мүмкіндік алып отыр.Сондай-ақ, психологтардың жұмыс жасау жобасына да үңілген-ді. Ал шет мемлекетке жергілікті ұстаздар қауымын Түркістан облыстық білім басқармасының бас маманы Клара Оспанова бастап барды.Айта өтейік, Түркия мемлекеті мен Түркістан облысы педагогтарының тәжірибе алмасу жобасы биыл алғаш рет қолға алынып отыр. 5 күндік жобаға күнгейдің бір емес, 40 педагогы жұмылдырылған. Арнайы жасақтан шет тілін үйреніп жүрген немесе жетік меңгергендер табылып отыр. Ал бірнеше күнде Елімізге қайта оралатын ұстаздар, білген-көрген, түйген тәжірибелерін әріптестерімен бөлісетін болады.

Мөлдір Бекеева