Түркістанда «Музыкалық фонтан» салынатын аумақтың жер учаскелері сүрілуде

465

Түркістан облысы әкімдігінде құрылған «Түркістан қаласындағы жобаларды іске асыруды ұйымдастыру жөніндегі Штаб» отырысының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №3 хаттамасымен берілген тапсырма бойынша облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан «Музыкалық фонтан» нысаны түсетін аумақтағы жер телімдерін босату мақсатында жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде жеке азаматша Райқұлова Сабира Турдиевнаның өз келісімімен Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, №45 жеке тұрғын үй мен сауда дукені ғимараттары бұзылып, жер телімі босатылды. Бұл нысандар — 32 млн 981 мың теңгеге бағаланды.

Жеке азаматша Гатиятуллина Флюра Гатиятовнаның өз келісімімен Түркістан қаласы, Р.Сұлтанбегім көшесі, №14 жеке тұрғын үй ғимараты бұзылып, жер телімі босатылды. Бұл нысан — 10 млн 982 мың теңгеге бағаланды.