25 қаңтарда «Otyrar.kz» сайтында «Түркістанда үйлерді сүру жұмыстары жалғасуда, үйге берілген өтемақыға наразылар қатары көп» атты мақала жарияланған болатын. Осыған орай, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтан ресми жауап келді. Құжаттың толық нұсқасын ұсынамыз.
“Otyrar kz” сайтында жарияланған және Tengrinews.kz сайтында сілтеме жасалған материалдар бойынша Түркістан қаласында мемлекет мұқтаждығы үшін жерлер мен жылжымайтын мүліктерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы төмендегіше мәлімдейміз.
Түркістан қаласында жоспарға сәйкес 98 гектар жерді құрайтын екінші аймақ аталатын «Рухани-мәдени орталық» аймағына қажетті жерді дайындау мақсатында мемлекеттің мұқтаждығына үшін 167 нысанды (13 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) қала әкімінің 2018 жылғы 16-қазандағы №1370 және 27-қарашадағы №1604 қаулыларына сәйкес жер қайтару жұмыстары жүргізілуде. Аталған қаулы басылым беттінде жарияланып («Түркістан», «Туркистон» газетінің 2018 жылғы, 19 қазан, №42 санында), заңға сәйкес тұрғын үй иелеріне ескерту қағаздары тарқатылған.
2018 жылдың қазан айынан бастап түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстардың кезінде келіспеген тұрғындарды облыс әкімі Ж.Түймебаев қабылдап, қала әкіміне және тиісті комиссияға бағалау жұмыстарын заң талаптарына сай жүргізуді тапсырды.
Бұған дейінде қала әкімі Ә.Өсербаев бірнеше рет тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жасаған. Сонымен қатар Облыстық және қала әкімдігінің тарапынан сауалдармен келген тұрғындарға кеңестер бүгінгі күнге дейін берілуде.
Сонымен қатар 2018 жылғы 14-желтоқсандағы №780 қала әкімінің өкімімен 29 адамнан құрылған арнайы штаб меншік иелерімен жұмыс жасауда.
Жұмыс тобының нәтижесінде үстіміздегі жылдың 1-қаңтарына дейін 42 меншік иесі келіскен болса, заң талаптарына сәйкес атқарған жұмыстарының нәтижесінде бағалау құнына келіскендердің саны күн санап артып, бүгінгі таңда (26-қаңтарда) 96 меншік иесенің келісімі толығымен алынған. Бұл келісімі алынған
меншік иелерінің 35-не мемлекеттен 399 млн. 157 мың теңге қаржы төленіп, оның ішінде 22-нысанға сүрілу жұмыстары жүргізілді.
Бұзу жұмыстарына әкімдік тарапынан арнайы көмек тобы құрылып, арнайы техникалар мен жұмысшы тобы құрылыс материалдарын қалаған мекен-жайларға жеткізіп беруде.
Сонымен қатар, жер телімдерімен жылжымайтын мүлік иелерінің арасында түсіндірме жұмысын жүргізу үшін және оларды тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру үшін арнайы 14 жұмысшы топ құрылған. Осы топтың жұмыс нәтижесінде қаладағы 500-ге тарта сатылатын жеке үйлер анықталып, меншік иелеріне ұсыныстар жасалуда.
Қазіргі таңда, мемлекеттің жер телімінің әр соттығына берген 515 мың теңгесіне және тұрғын үйдің құрылыс материалдарының түріне, сапасына (кірпіш, қыш, шлакоблок, шифер, іргетасы т.б.) қарай әрбір шаршы метріне берген 55 пен 90 мың теңге аралығындағы бағасына келіспей отырған 44 меншік иесі бар. Оларға қала әкімдігі және прокуратурасының мамандарымен кездесу өткізіп (2019 жылы 10, 16 қаңтар күндері), және қала әкімі Ә.Өсербаев 17-қаңтар күні республикалық және облыстық БАҚ-ы өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, мемлекеттің ұсынған қаржысына келіспеген жағдайда жеке бағалаушы жалдай алатындығы және шешімін сотқа ұсынуға құқылы екеніндігі түсіндірілді.
Сонымен қатар арнайы штабтың комиссия құрамы бүгінгі таңда дейін 20-дан астам нысан иесімен жеке-жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тіпті кейбір тұрғындар тарапынан үй құжаттарында орын алған қателіктерді қайта рәсімдеуге әкімдік тарапынан заң талаптарына сәйкес кеңестер беріліп, қолдау көрсетілуде”.
Бүгін Түркістанда проблемалы үйлерге қатысты брифинг өтеді. Мәселенің өрісі туралы тілшілеріміз арнайы хабарлайтын болады.