Шымкентте 2019 жылдың 1-ші қаңтарында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 1971 жылғы ер адамның мәйіті табылған.
Еңбекші ауданы, Бадам-1 елдімекенінде орналасқан үйден шыққан өрттің аумағы 2 шаршы метрді құраған. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер 13 минутта өшірген. Алдын ала болжам бойынша, 1971 жылы туған ер адам мас халде темекі шекпек болып, абайсызда өзі де өртеніп кеткен көрінеді.
Сондай — ақ, жаңа жылдың бірінші күнінде «Самал» шағынауданындағы жер үйлердің бірінің шатырынан өрт шыққан. Өрттің көлемі 72 шаршы метрді құраған. Сондай ақ, Шымқаладағы гараждардың бірінде ВАЗ 21099 автокөлігінен өрт шығып, ер адамды күйік шалған.
Жанар Есенбекова