Арыс аудандық сотында «моральдық залалды өндіру туралы» азаматтық іс виртуалды түрде қаралды.
Жауапкер А.П. талап қоюшы К.Ф.-ның ұлын қасақана өлтіріп, 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын Шымкент қаласындағы ТК – 167/2 мекемесінде өтеуде. Талап қоюшы қаза болған ұлының өзінің жалғыз асыраушысы болғанын көрсете отырып, жауапкерден 15 000 000 теңге моральдық залалды өндіру туралы сотқа арыз түсірген.
Сот отырысы ТК-167/2 мекемесінде жазасын өтеуші жауапкер А.П.- мен интернет жүйесіндегі «Skipе» бағдарламасы арқылы жүргізілді.
Соттың шешімімен талап қоюшының талабы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер А.П.- дан талап қоюшы К.Ф.- ның пайдасына 2 500 000 теңге моральдық залал өндірілді.
«Виртуалды сот» жүйесімен таныстыру және оны жандандыру мақсатында өңірде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі