Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі жеңімпаз

557

Бүгін алғаш рет үшінші мегаполисте Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушылар арасындағы Назарбаев зияткерлік мектептердің желілік олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Шымкенттегі xимия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 21 зияткерлік мектептің 300-ден астам оқушы математика және тілдік пәндерден қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінен жарысқа түсті.

Бүгін олимпиаданың жабылу салтанатында 103 оқушы лайық деп танылып, марапатқа ие болды. Жүлдегерлер саны бойынша қоғамдық гуманитарлық пәндер бағытында командалық есепте 1 орынды Шымкент қаласы xимия -биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі алды.