2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақының біршама артатынын бұған дейін де (№50. 12.12.2018) жазған едік. Жағымды жаңалықтан құлағдар болған оқырмандарымыз редакцияға хабарласып «Қанша теңгеге өседі?» деген сауалдарын жаудыруда. Осы ретте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының директор орынбасары Бахыт Шертайұлының берген мәліметтерін ұсынып отырмыз.
«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет
туралы» Заңына сәйкес 2019 жылдың
1 қаңтарынан бастап:
— Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2525 теңге;
-Ең төменгі зейнетақы — 36108 теңге;
— Ең төменгі базалық зейнетақы – 16037 теңге;
— Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29698 теңге болып белгіленді. Соған сәйкес, зейнетақының негізгі мөлшері 7%, ал әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% артып отыр, -дейді Бақыт Бекенов.
АРДАГЕРЛЕР ҮШІН
Сонымен, АЕК өзгеруіне байланысты, жаңа жылдан бастап:
— ҰОС қатысушылары мен мүгедектері — 40400 теңге (38480 тг);
— ҰОС-да қаза болғандардың жесірлері — 11312 (10774 тг)теңге;
— Соғыстан кейін қаза болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) — 6464 (6156 тг) теңге;
— Кеңес Одағының Батырлары мен үшінші дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлері — 350041(333405 тг) теңге;
— Социалистік Еңбек Ері, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері — 188492 (179533 тг) теңге көлемінде ай сайын жәрдемақы алады.
— Тыл еңбеккерлерінің жәрдемақысы — 5379 (5122 тг) теңгеге көбейді.
№1 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 23786 (22655 тг) теңгеге;
№2 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 21160 (20154 тг) теңгеге ұлғайды.
— Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатындар —2 702 (2573 тг) теңге алады.
БАЛАЛЫ АТА-АНАЛАР ҮШІН
Айлық есептік көрсеткіштің 2525 теңгеге көбеюіне байланысты бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақының мөлшері:
— 1, 2 және 3-ші балаға — 95950 (91390 тг) теңгеге;
— 4-ші және одан көп балаға 159075 (151515 тг) теңгеге артты.
1 жасқа дейінгі бала күтіміне:
— 1 балаға — 14544 (13853 тг) теңге;
— 2 балаға — 17196 (16378 тг) теңге;
— 3 балаға — 19822 (18880 тг) теңге
— 4 және одан көп балаға — 22473 (21404) теңге тағайындалды.
Ескерту: Егер жас ана декреттік демалысқа шықпай тұрып жұмыс істеген болса, онда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері оның жалақысының мөлшеріне қарай тағайындалады. Ол мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді.
— 4 және одан да көп баласы бар, көп балалы отбасылар ай сайын мемлекет есебінен — 10 405 (10005 тг) теңге алады.
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар 16 160 (15392 тг) теңге көлемінде жәрдемақы алады.
— Жерлеуге берілетін жәрдемақы көлемі — 39643 (37758 тг)теңгені құрайды.
— ҰОС ардагерін және мүгедектерін жерлеу үшін мемлекет есебінен — 92415 (88023 тг) теңге беріледі.
«ЕРЕКШЕ» ЖАНДАР ҮШІН
Ең төменгі күн көріс мөлшерінің өзгеруіне байланысты
жаңа жылдан бастап:
Мүгедектерге:
І топ — 57021 (54305 тг)теңге;
ІІ топ — 45438 (43275 тг) теңге;
ІІІ топқа — 30886 (29415 тг) теңге төленеді
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға — 31183 (29698 тг) теңге;
16 жастан асқан мүгедек балаларға:
І топ — 57021 (54305 тг) теңге;
ІІ топ — 47220 (44971 тг) теңге;
ІІІ топқа 35638 (33941 тг) теңге тағайындалды.
— Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін 31183 (29699 тг) теңге;
— Бала кезінен І топ мүгедек баланың күтімі үшін — 31183 теңге төленеді.
Асыраушысынан айырылғандар:
1 балаға — 25541 (24324 тг) теңге;
2 балаға — 44251 (42143 тг) теңге;
3 балаға — 54942 (52325 тг) теңге;
4 балаға — 58209 (55436 тг) теңге;
5 балаға — 60287 (57416 тг) теңге;
6 және одан көп балаға 62663 (59680 тг) теңге жәрдемақы алады.
Тұл жетімдер:
— Әр қайсысына бөлек — 35044 (33375 тг) теңге жәрдемақы төленеді.
Айжан Ермекқызы
«Оңтүстік Рабат» газеті, №1, 2 қаңтар 2019 ж
Мақаланы көшіріп басқанда бастапқы екі сөйлемінде
осы сайтқа гиперсілтеме көрсету міндетті