Шымкенттегі жеке клиникалардың бірінде көз жұмған полиция қызметкерінің өліміне қатысты қылмыстық іс материалдары Әл Фараби аудандық сотына жіберілді.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру органдары ҚР ҚК – нің 317 бабы, 3-ші бөлігі «Медициналық қызметкердің салғырттығы мен медициналық қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелерін сақтамау салдарынан кісі өліміне әкеліп соқтыру» бойынша айып тағып отыр.

Сотталушы 1981 жылы туған дәрігер – уролог. Тергеу кезінде Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу соты айыпталушыға қаладан кетпеу туралы тілхат алуға санкция берген болатын.

Жанар Есенбекова