Жол ережесін бұзушылардың хит шеруі

354
kolesa.kz

Елордада автобус жолағымен жүйткігендер мен жылдамдықты асырған жүргізушілердің фотосуреттері әлеуметтік желіде тарады.

Ғаламторда жалпы саны 30 карточкадан тұратын топтама жинақталған. Онда белгіленген айыппұлдарға сай, астаналық жүргізушілердің ел қазынасына берешегі кемі — 2.4 миллион теңге, ал ең көбі 6 миллионнан асып жығылады.

Нөмірлеріне назар аударсақ, мұнда жалған нөмірлер өте көп, тағы біразы жедел қызметкерлер мен өзге мемлекеттік қызмет органдарына тиесілі. Қазына қаражатына алынған Skoda Superb мен Kia Optima көліктерін тізгіндейтіндер кімдер?

Бұған қоса, жүргізушілердің бірінің карточкасындағы мәліметке сүйенсек, ол қала көшелерімен сағатына 160 км жылдамдықпен қозғалған екен. Ереже бұзғыштардың келесі бір санаты — бұл ресейлік нөмірмен жүрген айлакер азаматтар, олар бұзған ережені камералар жазып алмайды деп ойлайтын сыңайлы.

Бұл деректердің әлеуметтік желіге қалай тарап кеткені белгісіз. Астана қалалық полиция департаментінің мамандары ресми түрде мұндай ақпаратты таратпағандарын айтты. Ал «Астана Innovations» АҚ-ның баспасөз қызметі WhatsApp мессенджері мен өзге де желілер арқылы тарап кеткен файлда «Сергек» камерасы жазып алған жол ережесін өрескел бұзғандарды құрықтауға арналған бағыттамадағы мәліметтер барын хабарлады. Құжат тәртіп сақшыларына берілген, ал оның көпшілікке қалай жария болғанын ешкім түсіндіре алмады.

kolesa.kz