ҚР Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының тұңғыш төрағасы болып Ғалымжан Елшібай тағайындалды.
Бүгін облыс орталығы — Түркістан қаласында аймақ журналистерінің қатысуымен ҚР Журналистер Одағының облыстық филиалы құрылды. Филиал төрағасы болып бірауыздан «Егемен Қазақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай сайланды.
Ғалымжан Елшібай 1975 жылы Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ғалымжан Қамытбекұлы бұрынғы Киров, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Төлеби аудандық газетінде корректорлықтан бастаған. Кейіннен ұзақ жылдар бойы «Жас Алаш» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Бүгінгі таңда республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі.
«Жас Алаш» газетінде шындықтың түндігін түріп, небір айтулы мақалаларымен көзге түскен Ғалымжан Елшібай тек күнгейде ғана бүкіл елімізге танымал. Тілші қауымның барлық мәселесіне қанық әріптесіміз жаңа қызметті абыройлы атқарады деген сенім басым.