Шаһар басшылығы жоспарлағандай «Қазбек»базары алдағы наурыз айында жаңа қонысқа көшпейді. Бұл туралы бүгін мәлім болды. Базар басшыларының мәлімдеуінше, Алматы айналма жолына салынып жатқан жаңа аймаққа инфрақұрылым тартылмаған. Құрылысы тоқсан пайызға аяқталғанымен, ауызсу, жарық және кәріз жүйесі тартылмаған.
Еске сала кетейік, Бәйдібек би көшесінің бойындағы көтерме сауда базарын көшіру жоспары 2014 жылы көтерілген. Екі жыл бұрын жаңа базар салу қолға алынған болатын. Кәсіпкерлер келісім жүйесінде көшуге да уәде еткен. Бірақ, әкімдік тарапынан беріледі деген жәрдем дер кезінде жетсе деп отыр.
Әбдікаһар Османов, базар басшысы: «Су, жарық тезірек жеткізілсе, біз солай тез құрылысты аяқтаймыз. 4 гектарда сауда орны, екі гектарда автотұрақ бар».
Нұрлан Күдерұлы