Бүгін Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары ана мен балалардың жағдайын білу үшін ауруханаға барды.
Перзентханадан жуырда ғана шығарылған балалар отбасында жайы болмағандықтан мазасызданып аурухана түкен болатын. Сала мамандары «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлесіп мұқтаж жандарға азық-түлік пен балалар сүтін жеткізіп берді.
Қамқор жандар тіпті қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттарға дейін түгендеп қайтты. Тағдыр тауқыметіне тап болған Фозила Досметова жағдай сұрасқан жандарға алғыстарын жаудырды. Осындай қиын-қыстау кезеңде көмек қолын созған қайырымды жандардың жақсылығына тәнті болды.