Үздік генетиктер бас қосты

89

Дәрігерлер ана және бала өлімінің алдын алуға кірісті. Бұған дейін қолданылған скрининг енді жаңа бағытта жұмыс жасауы мүмкін. Нәтижесінде іштегі баланың саулығы 99 пайызға дейін нақты анықталады. Ол үшін шетелдік әдіс енгізгелі жатыр.

Айтуларынша, елімізде генетика саласы толыққанды зерттелмеген. Салдарынан аналар арасында жүрек талмасы көбейсе, аутист сәбилердің туылуы да азаймай отыр.

Ұрпақ денсаулығын жақсартуға арналған болашақ аналарды тексеру жобасы әлі жүзеге аспаған. Әзірге еліміздің білікті генетиктері әр өңірді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандардың айтуынша бастама міндетті түрде жүзеге аспақ.

Назерке Үкібасова