Қазақстандық балалар чип орнатылған киім киеді

431

Қазақстандық балалар чип орнатылған киім киеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.  Әкімнің айтуынша, биыл цифрландыруға көп көңіл бөлінеді.

Сомасы 30 миллиард теңге бөлінген жобалар түрлі салаға, соның ішінде білім беру мен денсаулық сақтауға қатысты болады.

«Мысалы, біз балаларымыздың Қытайдағы сияқты киімінде чип болғанын қалаймыз», — дейді Ахметов.

Оның айтуынша, осылайша ата-ана балаларының қайда жүргенін біле алады.  ШҚО әкімі чиптерді сатып алу шығынын мемлекет мойнына алатынын атап өтті. Ал жобаны енгізу үшін Kundelik электрон жүйесі негіз болады.