Өз кәсібін ашу үшін 233 млн. теңге несие берілген

379

2018 жылы Төлеби ауданы бойынша экономикалық белсенді халық саны 51,3 мың адамды құрап, 48,6 мың адам жұмыспен қамтылған. 110 отбасы (617 адамға) тұрғын үй көмегі және 995 отбасыға (5275 адамға) республикалық және облыстық бюджет есебінен 261 млн теңгеге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде3968 азамат тартылып, 245 азамат қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өткен.

Сондай-ақ, 54 азаматқа өз кәсібімен айналысу үшін жалпы 233 млн. теңге несие беріліп, 163 азамат бизнес бастау жобасымен білім алуға жіберілген. Ауданның 2341 азаматы тұрақты жұмыспен қамтылып, көрсеткіш 102,7 пайызға жеткен.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 206 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылса, 208 азамат 63 мекемеге жастар практикасы бағдарламасы арқылы жолданған.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі