1126 шымкенттік жүргізуші куәлігінен айырылған

329

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 2018 жылдың 12 айында 9576 әкімшілік іс келіп түскен. Оның ішінде 1693 іс бойынша қамау жазасы қолданылған.

5393 іс бойынша айыппұл салынған. 111 іс бойынша ескерту берілсе, 284 іс бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілген. 1162 іс бойынша азаматтар жүргізу куәлігінен айырылған. 173 іс медиация тәртібімен аяқталған.

 Сонымен қатар, әкімшілік істердің барлығы «Сот кабинеті»  электронды ақпараттық  жүйесі арқылы  келіп түскен.

Бұл туралы Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының өткен жылдың қорытындыларына сараптама жасаған жиынында айтылды.

Жанар Есенбекова