Жалпы берілген несиенің көлемі 1,1 млрд. теңгені құраған. 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған қала әкімі «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Халыққа кеңінен насихаттау мақсатында арнайы «Ақпараттандыру орталығы» ашылды. Ол жерде екінші деңгейлі банк, құрылыс компанияларының және «Баспана» акционерлік қоғамының өкілдері күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.