фото 24.кз

45 аса ауыр санаттағы қылмыстық іс. Тоқсаннан астам айыпталушы азамат. Мұның барлығы Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. 28 айыптау үкімі оқылып, темір торға тоғытылған.

Өткен жылдың 18 шілдесінде Елбасы жарлығымен қайта құрылған Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 33 адамға қатысты айыптау 28 үкімі оқылған. 4 азаматқа қатысты ақтау үкімі шыққан.

Әбинұр Қарабаев, судья: «Төртеуі де ҚР ҚК – нің 434 бабы, яғни аса ауыр қылмысты біле тұра хабарламау бойынша айыпқа тартылған болатын. Сот барысында олардың іс әрекетінде қылмыс құрамы анықталған жоқ. Олардың көзінше қаланың сыртына жәбірленушіні апарып, қорқытып алушылықпен мүлкі тартып алынған. Сот алдында жауапкершілікке тартылған төртеу де аса ауыр қылмыс екендігінен бейхабар болған. Жарақат алған адамды дәріханаға апарып, жарасын таңып жәрдем көрсеткен. Ұйымдасқан қылмыстық топқа ешқандай қатысы болмаған. Олар өздері ешкімді ұрып соқпаған».

Өз анасы мен нағашы атасын өлтірген жігіттің қылмыстық ісі өткен жылдың жұрттың жағасын ұстатқан шулы оқиғаларының бірі. 15 жылға бас бостандығынан айырылған үкім өзгеріссіз қалдырылған. Ешқандай тарап апелляциялық шағым келтірмеген көрінеді.

Әбинұр Қарабаев, судья: «Заңды күшіне енген. Апелляциялық шағым келтірілген жоқ».

Былтыр аталған сотта оқылған үкімдер мен қаулылардың ешқайсысы бұзылмаған. Кері қайтарылмаған. Ал судьялдар тарапынан ішкі істер органдары мен Шымкент прокуратурасы қызметкерлері іс әрекетіндегі заңсыздықтарға қатысты 6 жеке қаулы жолданған.

Жанар Есенбекова