Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылсын», — делінген жарияланған құжатта. Бұрынғы министрліктің функциялары Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуы министрлігі пайда болды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің барлық өкілеті осы министрлікке тапсырылады.