Апатты деп танылған аспалы көпірге жөндеу жүргізілуде

256

Қаратөбе елдімекені мен қаланы қосатын көпір жөнделіп жатыр. Бұған дейін тұрғындардың қатынасына жарап тұрған ескі өткел 2003 жылы салынған. Қазір апатты деп танылған. Осыны ескерген жергілікті билік, өткелді жөндеп беруді ұйғарыпты.

Бұл елдімекеннің тұрғындары ертеректе аспалы көпірді пайдаланған. 2003 жылдан бастап, ені 4,5 ұзындығы 60 метрлік өткелді пайдаланып келеді. Жалғыз көлік әрең сияды. Қаратөбеліктердің қаламен төтесінен қосатын жалғыз көпір болғандықтан елге керек-ақ.

Тұрғындар «Көпірдің салынғанына 15 жылдай болып қалды. Қазір көліктер айналып жүреді не таксиге отырады. Ал мына көпірдің құрылысы басталды дегенге қуанып қалдық” деп отыр.

Елді мекен тұрғындарының өтінішін ескерген шаһар басшылары 650 млн. теңге қаражат бөліп, жаңа көпірдің құрылысын бастап кетті. Сала мамандарының айтуынша, көпірдің ені 23, ұзындығы 110 метр болады және жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі.

Абай Тұрханов, “Бұрын бір ғана машина әрең сиятын, енді үш жолақты жол болады. Жаяу жүргінші жолақтары да қаралған”.

Мердігерлердің құрылысқа кіріскеніне бір жеті болды. Айтуларынша таудағы қар еріп су деңгейі көтерілгенше жер жұмысын аяқтаймыз дейді. Көпірге қағылатын тіректердің тереңдігі 14 метрге дейін жетеді. Жаңа көпірдің бір жақ бөлігі аяқталғаннан кейін ескі көпір бұзылады.

Ғалымжан Оспанов, мердігер компанияның өкілі: “Шілде айына дейін бір бөлігін бітіруіміз қажет. Ол үш жолақты сосын және үш жолақты екінші бөлігіне кірісеміз”.

Айта өтейік, Шымкент қаласындағы Бадам өзенінің үстінде 4 көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Нұрлан Күдерұлы