Елбасының«Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастырып келеді.
Осы мақсатта Арыс қаласында жобалық кеңсе құрылған. Өткен жылы атқарылған шаралар барысын қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев Түркістанда өткен брифингте БАҚ өкілдеріне баяндап берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тек Арыс қаласында өткен жылы 800-ден астам іс-шара жүзеге асқан.
Оған қала аумағындағы тұрғындар қатысқан. Тәрбие мен білімді қатар байланыстырған шаралардың да берері мол. Әсіресе, жасөспірімдерді руханиятқа баулуда түрлі байқаулар ұйымдастырылыпты.
Рысдәулет Айтбаев, Арыс қаласы әкімінің орынбасары: «Монтайтас ауылдық округінде орналасқан Бейсен Оңтаев атындағы жалпы орта мектептің 5-7 сынып оқушылары «Алматы – бақытты балалар мекені» атты халықаралық шығармашылық байқауына қатысып, бас жүлдені иеленді. Адлерде өтетін халықаралық байқауға жолдаманы ұтып алды».
Шынар Оразова