Астанада қайтыс болған балалардың анасы әлеуметтік желілерге еске түсіретін видео жарияламауды сұрайды

203
фото 365info.kz

Бес баласынан бір күнде айырылған астаналық ана қайғысына ортақтасқан барлық адамдарға алғысын білдірді және әлеуметтік желілерде бұл туралы еске түсіретін видео жарияламауды өтініп отыр. Таралған суреттердің ішінде аман сау жүрген басқа балалар да бар көрінеді.

ТЖК қайғылы жағдайдың нақты себебін мәлімдеді. Сол бір қайғылы түні шағын үйден мұржаны бөлудегі қауіпсіздік ережесі сақталмауы салдарынан өрт шыққан. Яғни, мұржа мен үйдің төбесі жабысып тұрған. Құбырдың өзін дұрыс бекітпеудің соңы қайғылы жағдайға соқтырып отыр.