Ауыр атлеттер Шымкентте жаттығып жатыр

99

Ауыр атлетикадан ел құрамасы Шымкент қаласында жаттығуда. Жиынға келген зілтеміршілердің қатары толық емес. Бірқатары Тайландағы халықаралық турнирде бақ сынап жүр. Ал команданың қалған мүшелері үшінші мегаполисте ел біріншілігіне дайындалуда.

Айта кетейік, 23 ақпан күні Шымкентте Қазақстан Чемпионаты жалауын көтермек. Жарыс барысында ауыр атлеттер Азия чемпионатына іріктелетін болады. Сары құрлықтық сайыс сәуір айында жалауын көтереді деп жоспарланып отыр.