Баспанаға мұқтаж тұрғындар мәжілісмендерге мұңын шақты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Шымкентте,

Мәжіліс депуттаттарының бір легі Шымкентте жүр. Олар халықпен кездесіп, керегін түртіп алуда. Үшінші мегаполиске атбасын тірегендер, зауыттарды аралап, ешкімнің мазасын алмады. Есесіне, қарапайым халықпен кездесіп, көкейтесті мәселелерінің шешімін тауып берді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шымкентте қабылдау өткізді

Мәжіліс депутаттарының келгенін естіген ағайын, жеке кездесуге асықты. Бәрі, шешімін таппай жүрген талай тірліктің бетін ашпақ. Жергілікті биліктің жылжымайтын тұрғын үй кезегіне көңілі толмай келген ана алғашқылардың бірі болып кірді. Мүмкінгдігі шектеулі баласы бар ана пәтер кезегі бұйырмай кете ме деп қорқады.

Бахадыр Нарымбетов, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Сіздің кезегіңіз 500 адамға жылжыпты. Былтыр қаншама үй салынды. Биыл одан да көп баспана пайдалануға берілмек. Кезек жылдам жылжып жатыр. Пәтерді келесі жылы көктемде  аласыз».

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мансұрхан Махамбетов

Мансұрхан Махамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Қала әкімдігінің жоспары бар. Кезек деген болады. Сізге берсе, басқалар да бар кезекте. Барлығы заң шеңберінде болуы керек. Айтты  ғой, кезегіңіз келгенде, пәтер беріледі. Ал осында отырған басқарма басшыларына айтар едім,  мемлекеттік қызметкердің міндеті тек галстук тағу емес, алдарына келген азаматтардың  мәселесіне қанығып, қолынан келген көмегін түсіндру жағын басқарма мен бөлімдегілер жандандыру керек.
Әрбір арыздың артында билікке үміт артатын халық бар. Сондықтан бей- жай қарауға болмайды» дейді ел қалаулысы.

Қолдан келгенше көмектесіп, белгіленген тәртіп пен ережені түсіндіріп отыру шенеуніктің міндеті екенінін тағы да нақтылады. Сондықтан да кезекке тұра алмадым деп келген Сұлушаш Түймебекованың мәселесіне бей-жай қарамады.

Сұлушаш Түймебекова, қала тұрғыны

Сұлушаш Түймебекова, қала тұрғыны: «Халыққа қызмет көрсету орталығына бардым, құжатымды алмады. Баспана кезегіне қойған жоқ. Табысың жетпейді деп. Құжаттарым қолымда».

Мәжілісмендер бұл жолы да бұқараның көп жеңілдіктен қағылып отырғанына көз жеткізді. Оған қабылданған Заң мен жүзеге асып жатқан түрлі мемлекеттік бағдарламалардың халыққа кең насихатталмайтыны себеп деп тапты.

Шынар Оразова