Баспана алуға көмектесемін деп 4,5 млн. теңгені жымқырып кеткен алаяқ ұсталды

319

Сарыағаш ауданының полицейлері баспана алуға көмек беремін деп алдап жергілікті тұрғыннан бірнеше миллион теңгені алаяқтық жолмен жымқырған жас әйелді ұстады.

Сарыағаш АПБ-не өткен жылы бір әйелдің баспана алуға көмек беремін деп сеніміне кіріп, өзінен жарты миллионнан астам теңге алған жәбірленушінің арызы келіп түскен. Жәбірленушінің айтуына қарағанда, келтірілген шығынның жалпы сомасы 4,5 миллионнан астам теңгені құрайды.

Болған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша Сарыағаш АПБ СДТБТ тіркеуге алынды. Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу барысында жинақталған материалдар айыптау актісімен сотқа шешім қабылдау үшін жолданды. Полицейлер ұсталғанның басқа да қылмысқа қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бейтаныс тұлғалармен қарым-қатынаста сақ болуды, ешкімге орынсыз сенім білдірмеуін, алаяқтың құрығына ілінбеуін, ешкіммен жеке басының ақпаратымен бөліспеуін, өзіне қауіп төндіретін әрекеттің алдын алуларын ескертеді.

Егер сіз осы тектес қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада Түркістан облысының полициясына «102» номері бойынша хабарласыңыз.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі