1 наурыздан бастап Шымкент қаласындағы «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері болып табылатын көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Ғ.Әбдірахымов есепті жиында мәлім етті.
Оның шығыны әкімшілік есебінен төленетін болады. Үшінші мегаполисте көп балалы аналарға көрсетіленін көмек мұнымен шектелмейді. Мәселен, көпбалалы отбасыға төленетін әлеуметтік көмек 25 мыңнан 100 мыңға көтеріледі. Бұл көмекті аналар тамыз айынан бастап алатын болады.