фото sports.kz

Көз қарықтырар зәулім үйде алты жатын бөлме, тоғыз жуынатын бөлме, кинотеатр, шарап сақтайтын қойма және лифт бар. Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов АҚШ-тағы зәулім үйін сатқалы жатыр. Лас-Вегастағы үйін бес миллион доллардай сомаға сатуды жоспарлады, деп жазады Sports.kz.

Ауданы 1,5 мың шаршы метр үш қабатты үй мен жер учаскесі 4,75 миллион доллар деп бағаланған. Зәулім үйдің ауданы 880 шаршы метрді құрайды. Бөлмелері тіптен кең.

Үйде алты жатын бөлме, тоғыз жуынатын бөлме, кинотеатр, шарап сақтайтын қойма және лифт бар. Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов – WBA бойынша бірінші ауыр салмақ дәрежесінде «тұрақты» әлем чемпионы. Соңғы жекпе-жегі 2018 жылы шілдеде өтті, ол кезде қазақ жігіті Хизни Алтункайды жеңген болатын.