Шымкентте бокстан Қазақстанның жастар құрамасы жасақталып жатыр. 5 спартакиада аясында басталған жарыста 16 және 17 жастағы жеткіншектер жарысуда. Ал, ел біріншілігін тамашалауға олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимов, Ақжол Асқар және Біржан Жақыпов сынды қадірлі қонақтар келген.

Жарыс апта соңына дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Ал, жеңіске жеткен жастар Азия чемпионатында ел намысын қорғамақ.

Назерке Үкібасова