Дендросаябаққа алып телескоп орнатылмақ

356

Шымкент дендросаябағы көктемгі ағаш егу науқанына дайын. Қазір дарақтар бұталануда. Оған саябақтың жұмысшылары жұмылдырылған. Сондай-ақ, демалыс орны абаттандырылып, көркі кіре бастады. Бюджеттен бөлінген 295 млн. теңгеге ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Аумағы 117 гектар алқапты алып жатқан дендросаябағына үш қақпа арқылы кіруге болады. Бәйдібек би көшесіндегі негізге қақпадан бөлек, А. Байтұрсынов және Қ. Төлеметов көшелерінің бойында да алып қақпалар бой көтерді. Мұнда келіп кетушілерге ыңғайлы болуы үшін арнайы автотұрақтар салынған. Ол 2 гектар жерді алып жатыр. Көктемде қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылмақ. Дендросаябақта аспан әлемін тамашалайтын алып телескоп та орнатылады дейді сала мамандары.

Ал А. Байтұрсынов бағытынан келіп, кетушілерге ыңғайлы болуы үшін әкімдік асфальт төсеп беруге уәде бергенекен, ол биылғы жылы салынбақ.

Естеріңізге салар болсақ, бұл саябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілген. Мұнда 230 түрлі 95 мың түп ағаш дарақтары егілген. 5 географиялық флоралық зона бойынша аумаққа бөлінген. Бүгінде олардың қатары сирепті. Биыл ағаштар мен бұталар көптеп егілмек. Саябаққа келушілердің қатары да артып келеді.

Дендросаябақтағы суару жүйесі де жөнделген. Келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Биыл орындықтар саны артып, қоқыс жәшіктерін көбейткен.

Нұрлан Күдерұлы