Шымкент қаласындағы В. Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа 127 ата-ана қатысты. Аталған жиынға Еңбекші ауданының прокуратура қызметкері Д.Жұмабеков, тәжік -ауған соғысының ардагері М. Әсіл, Еңбекші ауданы УПИ,ЮПБ-ң полиция аға лейтенанты Б.Бүркітбаев қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ұлдар,қыздар тәрбиесі, жыныстық тәрбие, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Мектеп инспекторы Б.Бүркітбаевтың есебінде Еңбекші ауданы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны 8 пайызға азайғандығын айтты. Жиналыс жоспар бойынша өз деңгейінде өтті.