Елді мекендерге табиғи газ тарту жұмысы тоқтамайды

498

Бәйдібек ауданындағы ауыл ағайындарының  аманатын арқалаған ақсақал Бақберген Төлешов  елдімекендегі  газ  мәселесін облыс әкімінің өзіне жеткізуге мүмкіндік алды.

Бақберген Төлешов, Бәйдібек ауданының тұрғыны

«Бәйдібек ауданына табиғи газ 2017 жылы келген еді. Қазір аудан орталығы Шаянның тұрғындары көгілдір отынның рахатын көріп отыр. 8 елдімекендегі үй-үйге газ құбыры тартылып, тұрғындар төлемдерін жасап қойды. Бірақ «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі әр түрлі сылтауларды айтып «болмайды» деп осы күнге дейін газға қоспай отыр. Қашан газ келеді? Осы мәселені өзіңіз бақылауыңызға алсаңыз…».

Газдандыру мәселесіне қанық екенін тілге тиек еткен өңір басшысы: «Комиссия құрдық. Қазір жұмыс жасауда. Ең бастысы  бұрын болмаған  табиғи газ Бәйдібек пен Отырар аудандарына тартылып жатыр. Енді  бұл жұмыс тоқтамайды. Кезең-кезеңімен  ауылдар көгілдір отынмен қамтылады».

Шынар Оразова