Еліміздегі ең көп үйлер Шымкентте салынуда

183

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінде белгілі болды. 2018 жылы құрылыс көлемі 225,8 млрд. теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Енді тұрғын үй құрылысының қарқыны мен көлеміне тоқталса. Өткен жылы 439 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 205,2 мың ш.м -жеке үйлер, 51,3 мың ш. м. жалға берілетін-коммуналдық тұрғын үй, 16,2 мың ш. м. – несиелік тұрғын үй болса, 166,5 мың ш. м. коммерциялық үйлер.