Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақша ашылды. Енді деңсаулығында кінәраты бар балалар үйлерінде отырмай өз орталарында тәрбиеленеді.

Бұл туралы «Мейірімді алақан» ата-аналар конференциясында айтылды. Алғаш рет өткен конференцияда білім саласына қатысты түрлі жобалар жан-жақты қаралды. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған жиында бала тәрбиесінде ұстаздар мен ата-аналардың белсенділігін арттыру жолдары да айтылды.

Мөлдір ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ ата-ана : «Әр байқау өткен сайын балалардың шабыты оянады. Күнделікті орталыққа барып, емдерін алып, үйлеріне қайтады. Ол балаларда ешқандай өзгеріс болмайды. Сол себепті мұндай байқаулар оларды өмірге бейімдеп, талпыныстарын арттырады. Олар да сахнаға шығып, мақтау қағаздарын алғандары олардың талпыныстарын арттырады. Сол үшін бұл жақсы тәсілдердің бірі».

Қасымхан Хамытбек