GPS – қондырғылармен қоғамдық көліктер әлі толық қамтамасыз етілмеген

276

Кешегі жауған қар қаладағы қоғамдық көліктің қызметіне айтарлықтай кері әсерін тигізе қоймапты. Орталықтандырылған дистпетчерлік қызметі мекемесі мамандарынының берген мәліметі бойынша бүгін таңертең қала көшелеріне қоғамдық көліктердің 90 пайызы шығыпты. Түске жақын ол көрсеткіш 98 пайызға көтерілді дейді.

Орталықтандырылған дистпетчерлік қызмет мекемесі жолаушы тасымалымен айналысатын көлік компанияларының жұмысын бақылайды. Таңертең бағытқа шығып, кешке жұмысын аяқтаған барлық автобустардың мәліметі осы мекемеге түседі. Серіктестіктегі 21 маман кептелісі көп аялдамалардағы қозғалысты реттеуге де қатысады. Қоғамдық көлік компанияларының жұмысын сүйемелдейтін бірден бір мекеме.

Наурыз Сүгірәлиев, бөлім басшысы: «Өкінішке қарай, кейбір аялдамалардағы қозғалысты реттемесе болмайды. Таңғы және кешкі уақытта кептеліс пайда болады. Ол кестені бұзады”.

Сала мамандарының айтуынша, қар жауып, боран болған күні автобустардың бағытқа шығуы қалыпты болған. Жанар жағармай қататындай аяз болмағандықтан толық қызмет көрсетіп жатыр.

Ал қаладағы жолаушылардың сөзіне сенсек, бағыттық көліктерді сағаттап күту әлі де жалғасып келеді. Әсіресе, сенбі және жексенбі күндері сандары күрт төмендеп, жүріп-тұру қиындай түседі екен.

Автобустардың сапалы жұмысын толық қадағалау үшін GPS қондырғылары орнатылған. Өкінішке орай шаһар көшелеріндегі 1100 ден астам автобустардың 80 пайызында ғана бақылау қондырғысы бар.

Мамандары барлық қондырғыларды таратып бергенін, ал автобус парктерінің басшылары өздері де алулары керектігін айтып отыр.

Әкімдіктің көлік компанияларымен жасаған келісімшарты бойынша қондырғылар мекеме есебінен қойылуы шарт. Ал жолаушы тасымалдау саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер қаражат шығырып, GPS қондырғысын толық алуға құлық танытып отырған жоқ.

Сала толық цифрландырылған кезде ғана қоғамдық көліктердің жұмысын толық бақылауға қол жеткізіледі. Әзірге көлік компанияларының берген мәліметіне ғана сүйенуге мәжбүр.

Нұрлан Күдерұлы