Көкпар өтті ен даланы дүбірлетіп…

65

Түркістан облыстық көкпар федерациясы Ордабасы аудандық филиалының, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Шұбар ауыл округіне қарасты атшабарда (ипподром) аудан көлемінде көкпар өтті.

Бірнеше сағатқа созылған ұлттық ойында көкпаршылар бар өнерлерін салды. Өте тартымды ойын көрсетті. Оны жұртшылықтың ұрандатып салған дауысынан-ақ аңғаруға болады. Күннің суығына қарамастан ойынның қызығына беріліп кетті.

Көкпар да өз мәресіне жетті. Дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған Кубок (3), медаль (10 алтын, 10 күміс, 10 қола), Грамоталар (1, 2, 3 орын көкпаршыларына) жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тапсырылды. Нәтижесінде қараспандықтар (капитаны Саламат Шынмырзаев) — 1, шұбарсулықтар — 2, бөржарлықтар 3 орынды иеленді. 2 «Үздік жылқы», 1 «Үздік шабуылшы», 1 «Үздік қорғаушы» номинациялары берілді.

Айта кетелік, аудандық көкпар федерациясының Президенті Бекбол Жәкешбаев. Бұл ұлттық спорттық ісшара ауданымызда бірінші рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта өз жалғасын табатыны сөзсіз.