Келес ауданы полицейлері жыл бойғы жұмысын қорытындылады

1123

Келес ауданы  әкімдігінің мәжіліс залында Келес аудандық полиция бөлімінің 2018 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру жиыны өтті.

Жиынға Келес ауданының прокуроры Бақыт Сейфолла, аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев, Келес аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Шырынбек Оңғаров, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, ауыл, ауылдық округтерінің төбе билері және БАҚ өкілдері қатысты.

Келес аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Шырынбек Сусынұлы 2018 жылдың 12 айындағы жалпы атқарған іс-шараларының және жедел қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша баяндама жасады. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев тарапынан жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлеріне, тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.