фото КТК

Кісі өлтіріп, мәйітті көміп жатқан жерінен полиция күдіктіні құрықтады. «Қайнарбұлақ» елдімекенінің тұрғыны 102 нөміріне хабарласып, көрші үйде ер адамның бауыздалғанын, әрі кісі өлтіруші ауласына көмбек болғанын хабарлады. Дәл осындай ақпар, әлеуметтік желіде тараған болатын.

Бірақ, сот санкциясын берген судья мұның жалған ақпар екенін мәлімдеді. Айтуынша, күдікті адам өлтіріп қойғанын айтып, көршісінен көмек сұраған.

Жәбірленушінің мойын тұсына пышақ ұрады, пышақ ұрып қана қоймай тамағынан орып жібереді. Содан кейін жәбірленушіні сол үйдің манындағы жер төлеге тастайды. Жәбірленушінің қиналып жатқанын көргеннен кейін күдікті көршісіне барып жедел жәрдем шақыру керек қасымдағы адам ішіп алып құлап қалды деп айтқан.Көршісі полицияға және жедел жәрдемге хабарласады. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Сержан Айнабеков Шымкент қаласы мамандырылған тергеу сотының судьясы: «Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды. Оған ҚР ҚК нің 99 бабы, 1-ші бөлігі , «қасақана кісі өлтіру» бойынша айып тағылды».

Қасымхан Хамытбек