Шымкент қаласы бойынша төтенже жағдайлар департаментінде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықовпен кездесу өтті

Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде өртте қаза болған балаларды еске алды.

Еске алу сәті

Құтқарушылармен кездесуге келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбас үшін халық арасында қаіпсіздік шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын күшейту қажет деп есептейді. Әсіресе ,бұл жұмыстар жылу беру маусымында үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Төтеншеліктер оқыс жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралармен таныстырды. Ең бастысы бүгінде мамандармен жасақталған құрылым қажетті техникамен және арнайы құрылғылармен қамтылған.

«Жақын арада Шымккенттегі әкімшілік іскерлік орталығында өрт сөндіретін 4 арнайы көлікке арналған депо салынады. Былтыр департамент паркі 20 техникамен толықса, келешекте тағы 35 өрт сөндіру көлігі сатып алынбақ. Бұдан бөлек бүгінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жоспарлы тексерулер жалғасады»,- дейді төтеншеліктер.

Шынар Оразова