Мүфтият маникюр, шаш бояу, кірпік жапсыруға пәтуа шығарады

399

Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІ мәжілісі өтіп жатыр. Бұл жайында діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Желілік маркетинг үкімі», «Маникюр жасаудың үкімі», «Шашты бояудың үкімі», «Жасанды кірпік жапсырудың үкімі», «Телефон және интернет арқылы неке қию үкімі» тағы да басқа тақырыптарға әзірленген пәтуалардың мәтіні талқылануда», — деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары мәселенің өзекті екендігін айтып, жарыса жазуда. Ағабек Қонарбайұлы пәтулардың алдағы уақытта баспасөз беттерінде жарияланатындығын айтып өтті.