Мектеп директорлары өздерінің кең, ыңғайлы орындарын оқушыларға босатып беруде. Бұл — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасы. Жауаптылар бұдан не күтеді? Өзгерісті мектеп басшылығы қалай қабылдады?
Бұл шымкенттегі № 25 мектеп-гимназиясының оқушылары. Әдетте мектеп директорның кабинетін маңайлай қоймайтын оқушылар қазір емін-еркін отырып дәріс алып жатыр. Кең әрі ыңғайлы бөлмеде екі жылдан бері отырған Жанна Жанабаева бір-ақ күнде көрші бөлмеге ығысты.
Осыған дейін оқушыларының сынып бөлмелеріне сыймай жүргеніні білсе де кабинетін босатып бермеген мектеп басшысы енді жауаптылардың бұйрығымен хатшысымен қатар отырып жұмыс істейді. Дегенмен, орынтағы әлі орнында. Ара-тұра оқушыларда босаған кезде орнына барып жұмыс істейтінін жасырмады.
Роза Жанабаева, мектеп директоры: «Оқушылардан босағанда мен де кіріп өз жұмысымды істей беремін. Дұрыс, оқушылар түсінуі керек директор кабинетінің қолжетімді екенін. Қазір әсерлері жақсы. Оқып жатыр».
Мектептердегі сынып жетіспеушілігі, басшылардың кабинеттерін оңтайландыру арқылы бюджет қаржысын барынша үнемдеуді көздеген жауаптылардың бұл өзгерістен күтері көп. Агенттік өкілдері жаңа форматқа сай мектеп директорының кабинеті 34 шаршы метрден аспауы тиіс. Басшылар бұдан былай бірінші қабатқа жайғасуға міндетті дейді.
Айбек Шілманов, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Басшылар алдымен өз жағдайын емес, қызмет алушылардың жағдайын жақсарту керек. Бұл осы мақсаттан туындаған».
Агенттік бастамасымен қазір таңда 100-ге жуық мектептерде «Адалдық дүкендері» ашылды. Өскелең ұрпақты адалдыққа бастайтын бұл дүкендерде сатып алуышылар өз-өздеріне қызмет көрсетеді.
Қазір Шымкенттегі №25, №55, №60, №17 мектеп директорлары өз кабинеттерін оқушыларға босатып берді. Жемқорлықпен күрес жүргізетін жауаптылар сөзіне қарағанда жұмыс орындарына қатысты оңтайландыру үрдісі өзге де сала басшыларына міндеттелуі мүмкін.
Бұл мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, сондай-ақ бағынысты ұйымдардың басшыларына да қатысты. Қазіргі таңда Департаментпен Шымкент қаласындағы 64 мемлекеттік мекемелердің орналасқан алаңдары оңтайландырылды.
Мақпал Рысбаева