«Туған жерге тарту». Дәл осындай атпен Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылында игілікті шара ұйымдастырылды.

Шара барысында орталық көшеге 45 түп арша, 20 түп каштан шырша, 25 түп каптал шыршасы мен 100 түп раушан гүлдері отырғызылды.

Аталған игілікті іске осы ауылдағы №42 М.Әуезов атындағы орта мектебін 1990 жылы бітірген 85 түлек мұрындық болды. Алдағы жылы олардың мектеп бітіргендеріне 30 жыл толмақ. Сондықтан бұл істі олар сол мерейлі датаға дайындық ретінде ұйымдастырғандарын айтады.