Мемлекеттен берілетін көмек үшін делдалдарға жүгінудің қажеті жоқ

375

Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімі аппараты, жұмыспен қамту орталығы және Жастар ресурстық орталығымен бірлесе «Қазығұрт» шағынауданының тұрғындары мен жастарымен кездесу ұйымдастырылды.

Жиын барысында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға мемлекет тарапынан тағайындалатын жәрдемақылар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында оқуға түсе алмаған жастар және жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша тұрғындарға түсіндірілді.

Мамандар кәсіптік оқуға қатысқан азаматтарға стипендия тағайындалуы, қажетті құжаттар тізбесі бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларға арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар рәсімдеу барысында, делдалдарға жүгінбеу қажеттігі жайлы айтып өтілді.